Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.10.2021 3633 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін, қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласының Орталық мешітінде жұма уағызын жүргізіп, мешіт жамағатымен жүздесті.

ҚМДБ Төрағасы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірімділігі жөнінде жұма уағызын айтты.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бүкіл ғұмыры арқылы адамзатқа мейірімділіктің ең үлкен үлгісі бола білді. Екі жиһан сұлтанының мейірімділігі – тек қана адамзатты емес, барлық болмысты қамтыды. Өзіне қаншама жапа шектіріп, жақын жолдастарын азаптап, мазақ етіп, қол жұмсағандар үшін де: «Уа, Алла! Қауымымды кешіре гөр, олар шынымен де білмейді», – деп дұға тіледі» деді Бас мүфти.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірім мен рақымға толы өмірінен мысалдар келтіріп, оның әрбір сөзі мен ісі мейірімділіктің аясында өрбігенін тілге тиек етті.

«Үмбетінің басына келген әрбір қиындық Алла елшісінің жүрегіне қатты батып,  оларға ерекше жаны ашитын. Олардың осы дүниедегі қияметке дейінгі тағдырларына қатты алаңдаған Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңғы демі шыққанша «үмбетім, үмбетім» деп, дұға етіп әрі ақыретте де оларды қорғаштап, шапағат етеді» деді Бас мүфти.

ҚМДБ Төрағасы жұма намазын жүргізіп, жамағатты Пайғамбарға лайық үмбет болуға шақырып, еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілеп, жамағатпен бірге дұға жасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру