Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ИМАМДАР АЛЛЕЯСЫНА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.06.2021 1472 0 пікір
БАС МҮФТИ ИМАМДАР АЛЛЕЯСЫНА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ (ФОТО)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында 30 мың ағаш отырғызу бастамасын қолға алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласы А.Асқаров атындағы дендросаябақтағы «Имамдар аллеясын» аралап, арнайы самырсын ағашын отырғызды. 

Сауапты шараға Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы,  Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Талғат Омаров,  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және саябақ қызметкерлері қатысты. 

Айта кетейік, А.Асқаров атындағы дендросаябақтың көлемі 117 Га, оның 3 гектарын көл алып жатыр. 1979 жылы ашылған саябаққа 206 ағаш, 196 түрі жартылай ағаш өсімдігі көрік беріп тұр. Бес аймақтан тұратын саябақ жұмысымен толық танысқан Наурызбай қажы Тағанұлы демалушылар үшін таптырмас орынды аралап, жоғары бағасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат