Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына

Күн
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Қазір

21 فبراير 2024

11 Шағбан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Шымкентте ұлттық спортты үйлестіру орталығы ашылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 01.12.2023 836 0 пікір
Шымкентте ұлттық спортты үйлестіру орталығы ашылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасына орай және «Дін мен дәстүр» бағытына аясында Шымкент орталық мешітінде «Ұлттық спортты үйлестіру» орталығы ашылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы қатысып, орталық жұмысымен танысты. Спортпен шұғылдану Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құп көрген сүннеті екендігін айтып, ғылыми һәм діни тұрығыдан әрі қарай дамыту туралы айтты.

«Ұлттық спортты үйлестіру орталығының негізгі мақсаты – дін мен дәстүр тағылымдары бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру, көнеден кележатқан ұлттық ойындарымызды (тоғыз құмалақ, арқан тарту, асық ойы, ләнгі тебу, шекем тас ойыны, кір тасын көтеру, көкпар ойындары, бәйге, садақ ату, қол күрес т.б.) ғылыми тұрғыдан қарастырып, түрлі  шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ұлттық ойын түрлеріне арналған арнайы ғылыми-танымдық басқосулар мен ұлттық спортты насихаттау жөнінде еңбектер әзірленіп жатыр» дейді шаһар бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров.

Айта кетсек, жуырда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Дін мен дәстүр бөлімі ашылып, оған тиісті мамандар бекітілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру