Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі – Жетісу жерінде

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 30.11.2023 994 0 пікір
РАНТ мүшесі – Жетісу жерінде

Жуырда ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің жылдық жоспарына сай Жетісу облысына Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры, ғалым-исламтанушы Дінмұхаммед Сманов екі күндік жұмыс сапарымен келді.

РАНТ мүшесі ең алдымен Текелі қаласында кездесу өткізді. Шараға қаланың мемлекеттік қызметкерлері, мектеп басшылары, дінтану пәнінің мұғалімдері, түрлі саланың қызметкерлері қатысты. Дінмұхаммед Әбдіжаппарұлы жиынға қатысушыларға «Жемқорлықтың зардабы», «Жат ағымның зардабы» сынды тақырыптарда насихат айтты. Осы кездесуден кейін Талдықорған қалалық агро-техникалық колледжінде қала жастарымен кездесіп, насихат айтты. Күннің екінші жартысында Өтенай ауылдық мәдениет үйінде қала тұрғындарымен оқушылар, ұстаздар жиылған шарада уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді.

Ақшам намазынан кейін қалалық «Нұр» мешітінде жамағатқа «Бірлік, татулық, ілім іздеудің маңыздылығы» сынды тәлімдік уағыз айтты. Ал қасиетті жұма күні Ескелді аудандық білім бөлімінде ауданның ұстаздары, мектеп басшылар, дінтану пәнінің мұғалімдері, ауданнның белсенді жастары бас қосқан жиынмен басталды. Шарада ұстаз Дінмұхаммед Әбдіжаппарұлы көпшілікке «Адал нәпәқа, адал іс істеу» тақырыбында насихат айтты. Сонымен бірге Қалалық «Жетісу» мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында уағыз айтты. Жетісулық жамағатпен бір сапта намаз оқып, еліміздің тыныштығын, халқымыздың амандығын тілеп, дұға қылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру