Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау имамдары жылды қорытындылады

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 30.11.2023 847 0 пікір
Атырау имамдары жылды қорытындылады

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен 2023 жылды қорытындылау жиыны өтті.

Дін қызметкерлерінің басқосуына Атырау қаласының және аудан имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты мамандар қатысты.

«Биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бес бағыт бойынша жұмыстар атқарылды. Осы бағытта имамдардың жұмыстарын тыңдап, сараладық. Ең бастысы, Алланың разылығын көздеп, қызмет ету. Дін адамы болғандықтан, көпке үлгі болуымыз керек» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Жиында имамдар ҚМДБ бекіткен негізгі бес жұмыс бағыты – «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу – ағарту», «Жат діни ағымнан сақтандыру» бойынша атқарған жұмыстар туралы ақпараттарын бөлісті.

Сондай-ақ қорытынды жиында ҚМДБ бекіткен бес жұмыс бағыты бойынша және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында аталған жұмыс жоспары негізінде облыс көлемінде нәтижелі жұмыс атқарғаны үшін «Бақтыгерей молла» мешітінің имамы Асылбек Тілепбергенұлына «Үздік имам-2023» марапаты табысталды. Одан бөлек бес бағыт бойынша үздіктер де анықталып сый-сыяпатқа ие болды. Олар: 

«Ізгі қоғам» бағыты – Атырау қаласының бас имамы Эммат Сұлтанғалиұлы;
«Дін мен дәстүр» бағыты – Мақат ауданының бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы;
«Діни оқу-ағарту» бағыты – Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлы;
«Ихсан және насихат» бағыты – Құрманғазы ауданының бас имамы Еламан Жасөмірұлы;

«Жат діни ағымнан сақтандыру» бағыты – Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Алдоңғарұлы марапатталды.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша барлық марапат имамдарды жігерлендіреді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру