Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Классикалық діни түркі кітаптарын оқыту курсының» бітірушілеріне сертификат табыстады.
Биыл наурыз айында еліміздің мұсылман қауымын біздің қоғам үшін жат және дәстүрлі емес діни ағымдар мен сақтандыру мақсатында түркі тілінде жазылған ханафи мәзһабының классикалық кітаптарын оқыту курсы бастау алған болатын.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған курс барысында қатысушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты», Мухиддин Нұғман Бухаридің «Устади әууәл (түркі әліппе)», Сопы Аллаярдың «Сабатул ажизин» кітаптары бойынша білім алды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру