Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Әйел ұстаздар жылды қорытындылады

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 28.11.2023 1036 0 пікір
Алматы: Әйел ұстаздар жылды қорытындылады

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы ҚМДБ Әйел-қыздар секторы шаһардағы өкілдігінің ұйымдастыруымен мүфтият бекіткен 5 бағыт бойынша жоспар негізінде 2023 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылау жиынына қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай мүфтият бекіткен жылдық жоспар мен өкілдік жоспарына 8 аудан мешіттеріндегі 5 бағыт бойынша жауапты әйел ұстаздардың жылдық есебі тыңдалды. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы өкілдіктің жыл басында жоспарланған жұмыстарының орындалу барысын баяндады. Әр аудан ұстаздары мешіттердегі әйел ұстаздардың жұмысын атап, орындалу деңгейін слайд арқылы көрсетті. Қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы белсенді жұмыс атқарған ұстаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар және алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар, Алматы Орталық мешіті мен «Қари» қайырымдылық қоры бірлесе ашқан әйел-қыздарға арналған «Қари умма» тегін онлайн курста жыл бойы белсенді қызмет атқарған 4 әйел ұстаздар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең үлкен марапат – кіші қажылыққа белсенді қызметкер Дина Құдайбергенқызына табысталды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру