Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қала, аудан имамдарының жиналысы өтті. Кезекті жиын «Уақып – сарқылмайтын сауап» тақырыбына арналды.
Имамдар осы тақырып аясында әңгіме өрбітті. Жиында Діни басқарманы уақыпқа қатты көңіл бөліп жатқаны, уақыптың не екенін халыққа барынша түсіндіру қажет екендігі айтылды. Сонымен бірге уақып аясында қайырымдылық жұмыстар істеу, мағынасын түсіндіру, қайырымдылақ дүкендер ашу, халыққа түсіндіру жұмысын белсенді түрде жалғастыра беру жөнінде айтылды.
Сондай-ақ имамдар 2023 жылы облыс көлемінде уақып бағытында атқарған жұмыстарын талқылап қорытындылады. Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғаса беруі үшін облыс бас имамы Жолдас Қосспақұлы дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру