Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістанда Құран байқауының іріктеу сайысы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 23.08.2023 845 0 пікір
Түркістанда Құран байқауының іріктеу сайысы өтті

Түркістан қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.

Сайысқа Түркістан облысы мен кершілес облыстардан 70-ке жуық үміткер ұсыныс берді. Онын ішінде 60-қа жуығы жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шара 4 номинация бойынша өтіп, жүлделі орынға ие болғандарға республикалық сайысқа жолдамалар табыс етілді.

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша жолдама Саидбіләл Мирамоновқа (70 000 тг.), екінші орын Берік Асқарұлына (60 000 тг.), үшінші орын Омар Набижановқа (50 000 тг.) берілді.

10 пара бойынша жолдама Мүслім Ирисмухамматқа (100 000 тг.) екінші орын Әлишах Арипжановқа, үшінші орын Әбужүсіп Құрбанбаевқа табыс етілді.

20 пара бойынша жолдама Диас Айтмаханға (150 000 тг.), екінші орын Әбдіахмет Дінмұхаммедке (120 000 тг.), үшінші орын Шерханов Еркебуланға (100 000 тг.) табысталды.

30 пара бойынша жолдама Уәлихан Мансұрханға (умра сапары), екінші орын Махан Айдынға (180 000 тг.), үшінші орын Омар Еркінге (150 000 тг.) берілді.

Бұдан бөлек жарысқа қатысқан шәкірттерге ынталандыру сый-сыяпаттары тарту етілді. Әділқазылық еткен қари ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру