ҚМДБ Алматы облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен ХІІ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауының іріктеу сайысы өтті.
Алғы сөзді алған Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы Алла Тағаланың адам баласына берген ең үлкен мұғжизасы – Құранды жаттаудың артықшылығын туралы айтып, іріктеу байқауының мән-маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.
Облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Алихан Құндызбекұлы жүргізген алқалы жарысқа Республикалық Бас мешіттің наиб имамы Серік қари Полатханұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Мансұр қари Абытұлы және Водник ы/а «Арын қажы» мешітінің ұстазы Хусниддин қари Акбарұлы сынды білікті дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. Бекітілген ереже бойынша үміткерлер жылдағыдай «30 пара», «20 пара», «10 пара» және «Мәнерлеп оқу» аталымдары бойынша сынға түсіп, іріктеу сайысында жүлделі орын алған қатысушылар қаржылай сый-сияпатқа ие болды.
Шара соңында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы ізгі іс-шараны ұйымдастыруға сүбелі үлес қосып, қаржылай қолдау білдірген азаматтарға алғыс білдіріп, жүлделі орын иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.
Жарыс нәтижесі төменде көрсетілген
Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Эминтаев Асадулло Иззабекұлы (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Еркінов Омар;
ІІІ орын – Юсуфпахунов Рауф Харсанұлы.
Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Мақан Айдын;
ІІ орын – Абдіахмет Дінмұхаммед Бақытжанұлы;
ІІІ орын – Қабат Нұрислам Ғабитұлы.
Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Ирисдавлетов Юсуф Илашұлы;
ІІ орын – Шекиров Мухаммадали Шералиұлы;
ІІІ орын – Каспи Абдулахад Мұратбекұлы.
Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:
І орын – Бақберген Жарқынбекұлы;
ІІ орын – Каршиев Юсуф;
ІІІ орын – Тантақ Берік Асқарұлы.
Әр аталым бойынша І орын иегерлері ХІІ Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан додаға жолдама алды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру