Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде «Әдеп кеңесі» құрылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 22.05.2023 1683 0 пікір
Ақтөбеде «Әдеп кеңесі» құрылды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ақтөбе облысында «Әдеп кеңесі» құрылды.

Облыс бас имамы Серкжан Еншібайұлы өңірдегі қала, аудан имамдарына онлайн форматта жиналыс өткізіп, ҚМДБ «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» құжатын таныстырып, бірқатар тапсырма берді. Жиын соңында Ақтөбе имамдарының қызметтік әдебі мен міндеттерін бақылайтын комиссия мүшелерін бекітіп, «Әдеп кеңесін» құрды.

Кеңес – діни қызметкердің дін мен діни басқарма мүддесін қорғауға, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі жауапкершілікпен атқаруға, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруға тағы басқа да діни қызметтегі әдеп пен этиканы сақтауын қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру