Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИМАМДАРҒА «MUFTIYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 22.05.2023 1489 0 пікір
ИМАМДАРҒА «MUFTIYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрат Әбдіхалықовтың қатысуымен  «Кітап – сарқылмайтын қазына» атты  Астана имамдарына арналған семинар өтті.

Біліктілікті арттыруға арналған жиында ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғысөз сөйлеп, жиынның мақсатын атап өтті. Ал «MUFTІYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы жарыққа шыққан соңғы кітаптармен таныстырып, олардың негізгі мазмұны мен мән-маңызын атап, біршама ақпарат берді. Сондай-ақ, баспаның алдағы жоспары мен айналысып жатқан жұмыстарын атап өтті.

Жиын соңында «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптар таныстырылып, мешіттерге  таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру