Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан іріктеу өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 11.05.2023 1448 0 пікір
Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан іріктеу өтті

Алматы облысының Іле ауданына қарасты «Арын қажы» мешітінде қыздар арасында ІІІ Республикалық Құран байқауының іріктеу сайысы өтті.

Шараның алғы сөзін алған Алматы облысының І-ші наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы алып, Құран жаттаудың артықшылығы, маңызы жайында уағыз айтып, қари қыздарға сәттілік тіледі.

Қари, ұстаз Гүлзат Ескендірқызы қатысушы 18 шәкіртке сайыстың мақсатын және шарттарын түсіндірді. Қазылар алқасы Жанат Алдияр, Гүлзат Ескендірқызы, Арайлым Өмірбекқызы, Мариям Аринова сынды сынды ұстаздар төрелік етті.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды иеленген қатысушыларға Алматы облысының атынан республикалық жарысқа жолдама және ақшалай сыйлық берілді:

30 пара бойынша: Абдуллаева Дильдора (300 000 тг);

20 пара бойынша: Нұртуғанқызы Фәтима (200 000 тг);

10 пара бойынша: Ринатқызы Амина (100 000 тг);

5 пара бойынша: Аханова Дария (75 000 тг).

Айта кетсек, Республикалық Құран байқауының іріктеу кезеңіне онлайн форматта да үміткерлер қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру