Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Шәкірттер «Ғибадат исламия» кітаптарын тәмамдады

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 04.05.2023 1842 0 пікір
Шымкент: Шәкірттер «Ғибадат исламия» кітаптарын тәмамдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасына сәйкес мешіттерде ортағасырлық түркі әдеби (шағатай) тілінде жазылған еңбектерді оқыту жұмыстары қолға алынған-ды. Шымкент орталық мешіті жанынан ашылған «Яссауи дүниесі» көне түркі кітаптарды оқыту орталығының ұйытқы болуымен Қаратау ауданы «Сайрам» мешітінде шәкірттер курсты тамамдады.

Аталмыш шараға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары әрі көне түркі еңбектерді оқыту орталығының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров мен Салахиддин Мухиддниов, Жаһангир қари ұстаздар қатысты.

Курс тәмамдаушылар арнайы байқаудан сынақ ретінде білім деңгейлері тексерілді. Нәтижесінде Рустамханова Рухшона, Махамаджанова Жанона, Хикматжанова Ширин, Кувонова Рохила, Абдуллаева Мавжуда, Сайдикрамова Гузал, Марданова Мохинур, Абдуллаев Дилноза, Мамадалиханова Мархаматхон, Сұлтанбаева Зебинисо, Мирфайзиева Сарвиноз шәкірттер үздік атанды.

Курсты 200 шәкірт тамамдады. Курс барысында  Құран, ақида, фиқһ  дәрістерімен бірге көне түркі тілінде жазылған Ханафи Мәзһабына негізделген бабалардың «Ғибадат исламия», «Устаз аууал», «Сопы Аллаяр» кітаптары тереңдетіліп оқытылды.

Курс бағдарламасы екі айға арналған. Тағылымдамадан өткен шәкірттерге арнайы сертификат табысталады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру