Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Таң нығметі» кітабы таныстырылды (Фото)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.04.2023 1491 0 пікір
«Таң нығметі» кітабы таныстырылды (Фото)

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз хатшысы, журналист, исламтанушы Айша Кеңесбайдың «Таң нығметі» кітабы мен «Берекелі күн» мотивациялық күнделігі елордалық оқырманға таныстырылды.

Жалпы оқырманға арналған мотивациялық кітаптың тұсаукесеріне Ұлттық академиялық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы, «Muftiyat» баспасының директоры Мұрат Манапұлы, «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан, сондай-ақ еңбек авторының мектеп, университеттегі ұстаздары қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Автор кітапта «Таңғы нәсіп – Тәңірден» деген халық даналығын ғылыми зерттеулермен ұштастыра келе, табысты әрі салауатты өмір салтын әдет-ғұрып пен шариғи тұрғыдан, медицинаның сан саласы арқылы түсінікті тілде жеткізеді. Күндізгі тіршілік тәртібі, түскі тынығу, түнгі сапалы ұйқы, түс көру мен жору, т.б. құпия құбылыстар арқылы адамға өзін-өзі тануға дәйекті дәлелдер келтіріледі. Күнделікті ерте тұрып, тіршілік дағдысын қалыптастыру барысында ризықтар мен қажеттіліктерін таңсәріден тапқан тағдырлар, әлемдік табысты тұлғалардың орасан жетістіктерінің мысалымен берілген. Еңбекте өмірді өзгертуге қатысты адамның өз құзырына тиесілі тұстары, жаңа әдеттер қалыптастыру нәтижесінде биік мақсаттар мен белестерді бағындыруға болатын бағыттар ұсынылады.

Көпшілікке ұсынылған «Таң нығметі» кітабына ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің оң қорытындысы берілген.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру