Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Балалар ауылында» ізгі шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 03.02.2023 1884 0 пікір
Маңғыстау: «Балалар ауылында» ізгі шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы орталық «Әбіш қожа» мешітінің Жастар ісі секторына жауапты мамандары «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесіне арнайы зиярат жасады.

Ізгі шара барысында «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Әбдімүтәліп Жорақұлұлы бастаған жастар мекеме тәрбиеленушілеріне қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы қысқаша мәлімет беріп, күй тартып, тәттілер салынған арнайы қоржындар үлестірді.

Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері көңілдерін көтеріп, жан жылулығын сыйлаған дін қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру