Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында тұжырымдамалық құжаттар насихатталды

Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 29.09.2022 940 0 пікір
Алматы облысында тұжырымдамалық құжаттар насихатталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай дін қызметкерлеріне тұжырымдамалық құжаттарды насихаттау мақсатында Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ, Балқаш, Талғар, Ұйғыр, Кеген және Райымбек аудандарының имамдарына ақпараттық-танымдық семинар өтті.

Есік қаласының мәдениет үйінде өткен іс-шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, облыстық орталық мешіттің ұстазы Бағлан Болатбекұлы, Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Сапархан Айдарханұлы, Балқаш ауданының бас имамы Шәріп Абдуллақадырұлы, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы, Ұйғыр ауданының бас имамы Бахтияр Абуұлы, Кеген ауданының бас имамы Асқар Сатыбалдыұлы, Райымбек ауданының бас имамы Исабол Манап және осы алты ауданға қарасты елдімекендердің имамдары қатысты. Жиынды облыстың бірінші наиб имамы, Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы жүргізіп отырды.

Алдымен өңірдің бас имамы Мадияр Тағайбайұлы «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Жеті рухани қазық» тақырыбында баяндама жасады. Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар және міндеттер тізімі», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Ас беру мәдениеті», Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком ауылдық мешітінің бас имамы Сәкен Еншібай «Зияткер имам», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарына қатысты дәріс өткізді.

Жиын соңында Мадияр Тағайбайұлы семинардың маңыздылығына тоқталып: «Бұл семинар өңіріміздің дін қызметкерлері үшін пайдалы болды. Болашақта да бұл осындай іс-шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз», – деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру