Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Дін қызметкерлері аттестатталды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 27.09.2022 4993 0 пікір
Қостанай: Дін қызметкерлері аттестатталды

ҚМДБ Қостанай облыстық өкілдігінде дін қызметкерлері, имамдар мен ұстаздар ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттар бойынша сынақтан өтті.

Сынақ алу екі кезеңнен тұрады. Бірінші тестілеу кезеңінде дін қызметкерлері ақида, фиқһ, Ислам тарихы және әкімшілік жүйе (заң) бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және концептуалды құжаттар бойынша ауызша сұрақтар қойылды.

Қостанайлық дін қызметкерлерін Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі және Кадр бөлімінің жетекшісі Берікбол Жанақов аттестаттаудан өткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру