Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралда Ашура күнінің ауызашары берілді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 10.08.2022 2909 0 пікір
Оралда Ашура күнінің ауызашары берілді

Ақжайық өңірінің жамағаты қасиетті болған Ашура күнін ұлықтады. 

ҚМДБ бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде мұсылман қауымға ортақ қасиетті күндер мен ұлық мейрамдар жоғарғы деңгейде аталып өтілуде.

8 тамыз – қасиетті Ашура күніне орай ауыз бекіткен жамағатқа  БҚО орталық мешітінде бас имам Бақытжан Құралбайұлының ұйымдастыруымен 160-тан аса адамға ауызашар дастарқаны жайылды. Рухани басқосуда бас имам жиналған жамағатқа мұхаррам айындағы қаситетті Ашура күні жайында ғибратты уағыз-насихат айта келіп:

«Ашура» – «ашара», яғни, «он» деген сөзден шыққан. Мұса Пайғамбар (ғ.с.) бұл күні Алла Тағалаға шүкірлік, алғыс ретінде ораза ұстайтын болған. Ашура күні Мұхаммед Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаған және сахабаларына да оны өсиет еткен» деп Ашура оразасы жайында мағлұмат берді.

Ауызашар соңында мешіт жамағатына мол жақсылықтар мен игіліктер тілеп, дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру