Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: Бас имам аудандарды аралады

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 29.07.2022 1375 0 пікір
Алматы облысы: Бас имам аудандарды аралады

Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов Жамбыл және Іле аудандарында болып, діни ахуалмен танысты.

Бас имам жұмыс сапарын әуелі дін саласында аянбай қызмет етіп келе жатқан  дін қызметкерлерімен  әрі аудан әкімдерімен кездесуден бастады. 

Мадияр Пірімқұлов Жамбыл және  Іле ауданына қарасты ауыл имамдарымен  жеке-жеке танысып, ҚМДБ-ның жеті бағыт бағдарын  басшылыққа ала отырып одан ары жұмысты күшейту керек екендігін атап айтты. Аудан имамдары  орындалатын жоспарларын бөлісіп, жарты жылдық есептерінен  мәлімет берді.

Жиын соңында облыс имамы «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдерінің ұйытқы болуымен «Күшіміз бірлікте», «Жақыныңа жылулық» акцияларына қатысып, 120 отбасыға азық-түлік  себеттерін  табыстады.

Бұдан кейін бас имам жазғы демалыс кезінде мешіттерде дәріс алып жатқан жеткіншектермен кездесіп, арнайы ала келген сыйлықтарын тарту етті.  Іс-сапар барысында Әйел-қыздар секторының Алматы облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жаназа рәсімдері» шарасына және Ерлан Ақатаев ұстаз төрелік еткен «Арын қажы»  мешітінде де ер адамдар арасындағы  «Құранның 29- парасын жатқа оқу және қазақша мағынасы»  байқауының қорытынды рәсіміне қатысып, жеңімпаздарын мараппаттады.  

Облыс бас имамы  салынып  жатқан үш қабатты қайырымдылық мекемесіне арнайы ат басын бұрып, құрылысымен танысып, қарқынды жұмыстарына ризашылығын білдірді. Өңірдің  бас имамы  зағип жандармен кездесіп, оларға сый-сияпаттарын табыстап, батасын алды.

Сондай-ақ аудан тілшілерімен кездесіп, «Zhambyl info» cтудиясында Ислам құндылықтары жайлы арнайы сұқбат берді. Жамбыл мен Сүйінбай бабаларды зиярат етіп, мұражайларымен танысып, марқұмдардың басына барып Құран бағыштады. Облыс имамы Мадияр Пірімқұлов аудандарда атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берумен іс-сапарын аяқтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру