Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Сатып алып, сауапқа кенелді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 05.07.2022 2839 0 пікір
Алматы: Сатып алып, сауапқа кенелді

Алматы қаласы өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Орталық  мешіт пен қаланың бірқатар мешіттерінде «Сатып ал да, сауап ал» деген ұранмен қайырымдылық жәрмеңкелері өткен болатын. Бірер апта бұрын жәрмеңкеден түскен қаражат Ильшат есімді бүлдіршінге берілсе, бүгін жиналған қаражатты көмекке мұқтаж Гүлжазира Бөбетаеваға қала бас имамы Төлеби Дәділұлы арнайы табыстады.

«Бұл жәрмеңкеде зат сатып алу арқылы тұтынушының қаражаты мешіттен көмек сұрап келген мұқтаж жандарға садақаға ретінде беріледі. Сондай тұрғындардың ішінде көмекке зәру Ильшат деген балақайға және Гүлжазира есімді қала тұрғынына қаржылай көмек беріліп отыр. Сатып алып, сырқат жандарға демеу болған жомарт жүректі жамағатымызды Алла Тағала мол сауапқа кенелтсін!» дейді бас имам.

Айта кетейік Ильшатқа Германияда ота жасату қажеттігі туындаған. «Сатып ал да, сауап ал» жәрмеңкелерінен түскен қомақты қаржыны Ильшатың анасы Гүлбанум Батуроваға «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Темірбек Пернебекұлы табыстады. 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру