Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Ғылыми-тәжірибелік конфенеция өтті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 23.06.2022 650 0 пікір
СҚО: Ғылыми-тәжірибелік конфенеция өтті

«Қызылжар» орталық мешіті Петропавлда облыс әкімдігімен бірлесе отырып, «Солтүстік Қазақстан облысының рухани мұралары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференция барысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы, Астана халықаралық университетінің Жоғарғы өнер мектебінің деканы Саят Ыбырай және бірқатар өлкедегі тарихшылар баяндама жасаса, жиынға өңірдегі аудан, қала имамдары, қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мұндай алқады жиындарды жыл сайын өткізіп тұру жоспарда бар дейді. Ал конференцияда тың әрі өзекті тақырыптар, атап айтқанда, «Ботай» өркениеті, «Қызыл оба» тарихы, өңірдің этникалық,  топонимикалық мәселелері, Қызылжардағы Абылайхан тарихы, СҚО дағы мешіт-медреселер тарихы кеңінен талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру