Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАДИС БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 26.05.2022 1938 0 пікір
ХАДИС БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін жатқа оқудан ақтық сайыс өтті.

«Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисі» бойынша жарияланған республикалық білім бәйгесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 700-дей адам ниет білдірген. Соңына дейін 300 үміткер жеткенімен, ақтық сынға 37 адам іріктелді. Финалистер Нұр-Мүбарак университетінде арнайы ғалымдардан құрылған комисия алдында сынға түсті.

Сайыс беташарында университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат  Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты өміріне тоқтала келе, хадис жаттап, оған амал етудің артықшылығын айтып, барлық үміткерлерге сәттілік тіледі. Ақтық сын 4 сатыдан тұрды: «Қазыналы қобдиша» (таңдаған ұяшықтағы хадистің арабша, қазақша мәтінін қатесіз, шатаспай, жеткізушісін айту), «Хадис – ғұрпымыз» (билеттегі хадис санына байланысты хадисті айтып, соған сай мақал-мәтелдер айту керек); «Кім жылдам?!» (Kaxoot бағдарламасы арқылы тест тапсыру, әр сұраққа 3-5 секунд, басып үлгермесе қате болып есептеледі. Аз ұпай жинаған қатысушылар келесі турға өтпейді); «Тіл жүйрік емес, ой жүйрік» (Қазылар алқасы айтқан хадисті, түсіндірмесін, шархын ашық, 3 минутта ойын нақты жеткізіп беру).

Жарыс нәтижесі бойынша жеті орын жеңімпаздары анықталды:

1-орын Алтынай Жантөре – 200 000 теңге;

2-орын Айгерім Қасымханова – 150 000 теңге;

3-орын Жаңагүл Дашын – 100 000 теңге;

4-орын Ақзада Болат – 50 000 теңге;

5-орын Бағдаулет Жақипов – 40 000 теңге;

6-орын Айбек Қадыр – 30 000 теңге;

7-орын Рауан Жанысбаев – 20 000 теңге.

Сондай-ақ қосымша 14 ынталандыру сыйлығы табыс етілді. Хадис жарысын ұйымдастырушылардың бірі Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы, Имам ән-Науауидің «Қырық хадис» еңбегін қазақшалаған автор, PhD доктор Азамат Жұмашев үміткерлер жан-жақтан болғанымен, соңғы ақтық сынға суырылып шығып, жеңіске жеткендер университет студенттері екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру