Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорданың тазалықшыларына азық-түлік берілді

ummet.kz 25.01.2022 1734 0 пікір
Елорданың тазалықшыларына азық-түлік берілді

Елордадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы қала тазалықшыларына және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қуаныш сыйлады. Дәстүрлі «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы аясында мешіт ұжымы 40 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.

Шара барысында мешіт имамы жұмысшыларға атқарып жүрген қиын да күрделі жұмыстары үшін алғыс айтып, денсаулық, отбасыларына амандық-саулық тіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға ай сайын көмек қолын созып келе жатқан мешіт ұжымы тағы бірнеше отбасыға ізгі амал арқылы жылулық сыйлады. 

220122 Qaiyrymdylyq 3

220122 Qaiyrymdylyq 4

220122 Qaiyrymdylyq 7

220122 Qaiyrymdylyq 8

220122 Qaiyrymdylyq 11

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру