Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдар семинарға қатысты

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 20.12.2021 1670 0 пікір
Шымкент: Имамдар семинарға қатысты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Шымкент орталық мешітінде «Ихсан ілімі һәм Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Рухани семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Төлжанұлы, қалалық «Халал Даму» бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев, Қажылық және «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан имамдары қатысты.

Рухани семинарды РАНТ мүшесі, әйгілі әл-Азһар университетінің түлегі, дінтанушы Нұрсұлтан қари Мамедалиев жүргізіп, қатысушыларға «Ихсан ілімі: Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында дәріс оқыды.

Рухани семинар соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы биылғы атқараылған жұмыстарға ризалығын білдіріп, алдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру