Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Бас имам мерекелік марапатқа ие болды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 17.12.2021 1706 0 пікір
Талдықорған: Бас имам мерекелік марапатқа ие болды

Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаев Тәуелсіз еліміздің игілігіне қызмет етіп жүрген азаматтарды «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығына сәйкес, марапатқа лайық деп танылған азаматтар арасында Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы да бар. Аймақ басшысы егеменді елдің дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі зор екенін атай келіп, Тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында еңбек етіп жүрген барша жиылған қауымға алғыс айтты.

«Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтары және шетел азаматтары наградталады» делінген құжатта.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру