Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақтөбе облысының дін қызметкерлері марапатталды.
РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлынан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Құрмет грамотасы» марапатына ие болды.
Сонымен қатар РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы негізінде «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Аталған марапатты Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров табыстады.
Одан өзге Қарғалы ауданы, Қайрақты ауылдық мешітінің имамы тәжік-ауған қақтығыс ардагері Алтынбек Оралұлы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалін иеленді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру