Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Діни құндылықтар насихатталды

sunna.kz 07.12.2021 2140 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Діни құндылықтар насихатталды

Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа дін мен дәстүр сабақтастығын жалғастырып, ихсан құндылықтарын насихаттап, жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында әр алуан іс-шаралар қолға алынуда.

Соның бірі – апталық дастарқан. Яғни әр аптада бір рет дастарқан басында бас қосып, діни құндылықтарды насихаттау үрдісі қайта қолға алдынды. Іс-шараға мешіттің бас имамы Руслан Байзақов арнайы қатысып, жамағатқа ҚМДБ-ның жаңа бағыттары жайлы мәлімет беріп, ихсан құндылықтары жайында уағыз айтты. Сонымен қатар ауызашар дастарқанында басы қосылған ағайынды «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының мазмұнымен таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, әр дүйсені күні ардақты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бекітілмеген (нәпіл) ораза ұстаған. Шамасы келген мұсылмандардың бұл күні ораза ұстау дәстүрі Пайғамбарымыздың осы ісінен сүннет болып жалғасқан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру