Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ризабек Батталұлы «Нұр Ғасыр» мешітінде уағыз айтты

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 07.12.2021 2074 0 пікір
Ризабек Батталұлы «Нұр Ғасыр» мешітінде уағыз айтты

Ақтөбе қаласына арнайы іс-сапармен келген исламтанушы, Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы Ризабек Батталұлы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты.

Ризабек Батталұлының уағызына 700-ден аса жамағат жиналып, тағылымды дәріс тыңдады. «Нұр Ғасыр» мешітіне жиналған жамағаттың бұл күні жүрегі иман шуағына жылынып, рухани азыққа кенелді.

«Жәннатқа жетелейтін жол ізде» тақырыбында сөз қозғаған ұстаз уағызында қазіргі кездегі мұсылман баласының бойынан жоғалып бара жатқан құнды қасиеттерге тоқталды. Әр сөзі әдемі мысал, әдепті оқиғамен әрлеген Ризабек Батталұлы уағыз барысында мұсылманның сипаттары жайлы ғана емес, басқа да түйткілді тақырыптарды да қозғады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру