Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Турнир жеңімпаздары анықталды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 22.11.2021 2105 0 пікір
Атырау: Турнир жеңімпаздары анықталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Иманғали» орталық мешітінің бастамасымен өткен облыстық мешіт жамағаты арасындағы кіші аяқдоп турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Сайысқа осыған дейін іріктеу ойындарында жеңімпаз атанған 9 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өткен доп додасында жүлделі бірінші орынды және жүз мың теңге ақшалай жүлдені Құрманғазы ауданының командасы жеңіп алды.

Екінші орынды «Иманғали» орталық мешітінің командасы иеленіп, үшінші орынды Жылыой ауданы мешітінің командасы қанжығаға байлады. Сондай ақ, ақтық кезеңде үздік ойын көрсеткен Атырау қалалық «Әт-Тақуа» мешітінің командасы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Кіші футбол барысында жекелеген ойыншылар да марапатталды.

«Үздік қақпашы» аталымы бойынша Нұрбол Ихсанов, «Үздік ойыншы» Шыңғыс Ибраймов, «Үздік сұрмерген» Жарасқан Қожахметов, «Үздік қорғаушы» номинациясымен Ерлан Беріков марапатталды.

Жеңімпаздарға арнайы дипламдар, кубоктар мен қаржылай жүлделер табысталды.

Шара соңында барлық қатысушылар мен көрермендерге Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының «Күнделікті діни сауалдарға жауап» кітабы таратылды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру