Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хромтауда мәйітті кебіндеуге қатысты дәріс өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.11.2021 2417 0 пікір
Хромтауда мәйітті кебіндеуге қатысты дәріс өтті

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру дәрісі өтті.

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов ерлер жамағатына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру мен кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып, манекен арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті.

Сонымен қатар адамның дәм-тұзы таусылар сәтте иманын үйіріп, оған кәлима сөздерін қайталап отыру сынды әдеп-амалдар, мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіттің әуретіне қарамау, ерді ер, әйелді әйел адамның, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа намазы туралы егжей-тегжейлі айтып, түсіндірілді.

Одан өзге дәрісте діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Дәріске қатысушы шәкірттер тақырып аясында қосымша сұрақ қойып, мол мағлұмат алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру