Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Бағымыз да, байлығымыз да – Тәуелсіздік»

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 18.11.2021 1119 0 пікір
Маңғыстау: «Бағымыз да, байлығымыз да – Тәуелсіздік»

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Еркін пікір алмасу форматында өткен алқалы жиынға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, академик, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбайұлы, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, облыстық Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинетінің меңгерушісі Сания Төлебайқызы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Маңғыстау облыстық филиалының басшысы, «Отандастар қоры» жобалық-офисінің сарапшысы Нұржігіт Нұрболатұлы, «Ала-Тоо» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Маматкадыр Наркозув, «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Азат Жаңабайұлы, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Фандаль Фаттахетдинович, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Магомедсала Сайтмагамбедович, «Достлуг» әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Шамсадин Аллахверди оглы, «Пахтакор» өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Улугбек Асадуллаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблесы ардагерлер кеңесінің мүшелері Газибеков Курбанали, Юсуп Абдухалилов, Раиса Ивановна, Фатима Михайловна, Ақтау қаласы, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының дін қызметкерлері және жергілікті қажылар қатысты.

Іс-шара шымылдығын Әнуар Ізімбайұлы ашып, алғысөз сөйлегеннен кейін облыстық мешіт азаншысы, қари Әли Қазақ ағамыз Құран аятын оқыды. Мақсатбек Шахзадаұлы баяндамашылар легін бастап, Өмірзақ Озғанбайұлы, Әнуар Ізімбайұлы, Магомедсала Сайтмагамбедович, Азат Жаңабайұлы, Раиса Ивановна қызықты да тартымды баяндамалар жасап, жиналған қауымды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегі мен ниеттерін жеткізді.

Жиын соңында еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы үшін дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру