Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүшәйра жеңімпазына Ұмраға жолдама берілді

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 17.11.2021 2191 0 пікір
Мүшәйра жеңімпазына Ұмраға жолдама берілді

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде «Тәлімі мінсіз тәлімгер – Мұхаммед» жыр додасының жеңімпаздары марапатталды.

Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Дариға Қапасованың ұйымдастыруымен өткен мүшәйраға қазақ және орыс тілдерінде жазылған 50-ден жас ақын шығармасын ұсынылып, олардың арасынан 5 студент оза шапты.

Жеңімпаздарды Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев салтанатты түрде марапаттады. Мүшәйра қортындысы бойынша бойынша 1-орынды Индира Алимкулова (Исламтану, 1-курс), 2 орынды Мұқият Жұмабек (Шет тілі, 1-курс), 3-орындарды Тұрғанай Жанабаева (Исламтану, 3-курс), Бейсенбай Өсербай (Исламтану, 4-курс), Бексултанов (Исламтану, 1-курс) жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен ақшалай сый-сияпат беріліп, жеңімпаз Индира Алимкулованың өлеңі көрерменге арнайы бейнеролик ретінде ұсынылды.

«Іздеймін сені, иә, Расул Алла» өлеңнің әсерлі шыққаны сонша, Мәулітке келген мәртебелі меймандар тосын сый жасап, Ұмра қажылығына жолдама берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру