Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Имамдар семинарға қатысты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.10.2021 2166 0 пікір
Қызылорда: Имамдар семинарға қатысты

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігі, облыстық дін істері басқармасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында бекітілген үшжақты меморандум аясында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің дәріс залында облыстық АТТ мүшесі, тарихшы Бақытжан Ахметбек теологтар мен имамдарға «Қазақ тарихындағы шоқтығы биік тұлғалар» тақырыбында семинар жүргізді.

Семинар аясында қазақ халқының тарихы, өткені мен бүгіні турасында маңызды ақпараттарды бөлісті.

Шынында, қазақ халқы өз мәдениет тарихында ұлы оқиғалар мен әйгілі есімдерді, тарихи тұлғаларды ешқашан естен шығарған емес. Олар жайлы ел аузында аңыз-әңгімелер, көптеген деректер қалып отырған. Өмір шындығын, қоғам шындығын айқын танытуда әр елдің тарихын білуі маңызды. Қазақ тарихында әр ғасырда әрқилы тағдыр кешкен, өзгелерге үлгі ете алатын, қайсар мінезді, қазақ халқының біртуар перзенттері көп. Семинар барсында осындай бай тарихымызды таразылап, шоқтығы биік тұлғалар өмірінен тәлім алуға мүмкіндік ашылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру