Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте Ихсан кітабының танытымы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.09.2021 2091 1 пікір
Шымкентте Ихсан кітабының танытымы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай Шымкент қаласындағы «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, дінтанушылар Мұхамеджан Естеміров пен Азамат Әбідкерімұлы, белгілі ақындар Біржан Байтуов, Бекмұрат Анарбаев пен Қажымұхан Абзал, сондай-ақ Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттерінің бас имамдары, кәсіпкерлер, ерікті топ мүшелері қатысты.  

Бас имам Бақдәулет Нұрматұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, тәрбиелік мәні бар жобаның мақсаты мен мүддесі туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Осыдан кейін дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев құттықтау сөз сөйлеп, діни басқарма жұмыстары мен жетістіктерін атап өтті. Ихсан бағытының дер кезінде қолға алынған жоба екендігін белгілі ақын Біржан Байтуов қуынышпен әрі жыр-шумағымен жеткізді.

Әсерлі жиын барысында, оқырмандарға жол тартсын деген мақсатпен «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын өңірдегі кітап қорына өте бай «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы «Мүфтият» имандылық бұрышына тарту етілді.

 

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Ақылбек Турарбеков | 06.09.2021 11:26

 Ассалаумағалайкум кітапты қайдан алсақ болады.сатылымда барма

 

Администратор | 06.09.2021 04:54

Уағалейкумассалям! Нұр-Сұлтан қаласында бар. саны шектеулі.