Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Ғылыми кітапханада Ихсан ілімі насихатталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 25.06.2021 2462 0 пікір
Шымкент: Ғылыми кітапханада Ихсан ілімі насихатталды

Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ихсан ілімі – бірлік пен береке жолы» тақырыбында рухани семинар ұйымдастырылды.

Рухани шараға Шымкент қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Сарманов, Шымкент қаласының наиб имамы әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов және т.б. мешіт имамдары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Игі шара аясында арнайы баяндама оқылып, пікір-ұсыныстар айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, рухани семинарға қатысушылар жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен ашылған «Мүфтият» рухани-танымдық имандылық бұрышын және әл-Фараби өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін шағын музейді тамашалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру