Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Ихсан ілімі насихатталды

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 16.06.2021 519 0 пікір
Ақтөбе: Ихсан ілімі насихатталды

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мешітінде жамағатқа арналған Ихсан ілімін түсіндіру сұхбаты жүргізілді.

Жиын барысында Ырғыз ауданының бас имамы Ардақ Жұмабекұлы Ихсан ілімі аясында Құран Кәрімдегі екі өмірде де асыл мақсат-мұратына жететін нағыз мұсылманның бірқатар сипаты баяндалған «Муминун» сүресінің бастапқы аяттарын тәпсірлеп, жиналған ауыл жастарына уағыз-насихат айтты.

«Нағыз мұсылман Алланың бұйырған парызына берік болып, тыйған тыйымынан бойын аулақ ұстайды. Бос, пайдасыз істерден аулақ болып, өзіне сеніп тапсырылған аманат пен міндетке асқан жауапкершілікпен қарайды. Берген уәдесіне берік болады. Міне, осындай мұсылман екі өмірде де мақсат-мұратына жетеді» деді Ардақ Жұмабекұлы.

Бас имам осы қасиеттерден айнымау үшін әрдайым Жаратушы Иенің бізді көріп-бақылап тұрғанын естен шығармау қажеттігін қаперге салды. Сұхбат соңында жамағат арасында білім сайысы өтетіні хабарланды. Жамағатқа Алтынбек Ұтысханұлының «Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ» кітапшасы  таратылды. Ай соңында сол кітапша бойынша сайыс өткізіліп, жеңімпаздарға арнаулы сыйлықтар берілетіні хабарланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі