Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университеті Индонезия Ислам университетімен келісімшартқа қол қойды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 15.06.2021 1131 0 пікір
Нұр-Мүбарак университеті Индонезия Ислам университетімен келісімшартқа қол қойды

Әлемдегі ең атақты ислам университеттерінің қатарына кіретін Индонезия Ислам университеті енді Қазақстандағы ислам саласындағы бірегей жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак университетімен әріптестік байланыста.

Қазіргі пандемиялық жағдайларға қарамастан халықаралық дәрежедегі ынтымақтастық аясын кеңейтіп жатқан Нұр-Мүбарак университеті онлайн кездесу нәтижесінде Индонезия Ислам университетімен ынтымақтастық келісім жасады. Индонезия тарапынан ИИУ ректоры, профессор, доктор Фасуль Уахид бастаған 11 адамнан тұратын делегация, ал Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат бастаған 6 адамдық өкілдік болашақ әріптестікті жан-жақты талқылады. Яғни Нұр-Мүбарак университетінің Академиялық мәселелер департаментінің директоры, философия ғылымының кандидаты, доцент Жалғас Сандыбаев, PhD докторлар Мухаммад Салах, Мухаммад Дауд, Дінтану кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Жұлдыз Аманбаева, Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму секторының меңгерушісі Талифа Мансурова қатысты.

Жакартадағы Индонезия Ислам университеті 1945 жылы құрылған әрі ол –  Индонезиядағы бірінші дәрежелі халықаралық оқу орны. Университет экономика, құқық, Ислам білімдері, математика және жаратылыстану ғылымдары, психология және әлеуметтану пәндері, құрылыс және сәулет технологиялары факультеттері бар. Ал кітапхана қоры  250 мың кітапты құрайды.  

Енді жаңа келісімшарт аясында студенттер мен ғылым ізденушілер білім, ғылым саласында тағылымдамалар мен ғылыми жобалар жасауға мүмкіндік молайды. Осылайша Нұр-Мүбарак университетінің халықаралық дәрежедегі әріптес оқу орындарымен  меморандум, келісімшарттары 17-ге жетті.     

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі