Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Тазалық шарасы өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.06.2021 1917 0 пікір
Қарағанды: Тазалық шарасы өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті, ҚМДБ Жастар ісі секторы және «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан мазарлар мен зират орындарына тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлы, дін қызметкерлері, мешіт ақсақалдары мен жамағаты қатысты.

Іс-шараға қатысқан жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының талаптары мен ережелеріне сай зиярат ету, жерлеу тәртіптері түсіндірілді. Жалпы ата-баба рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Айта кетсек, тазалық шарасына бірнеше техника жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру