Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам спорт алаңының ашылуына қатысты

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 14.05.2021 3041 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам спорт алаңының ашылуына қатысты

Мүбәрак Ораза айт мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанынан ашық спорт алаңы пайдалануға берілді.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысқан ресми іс-шараға облыстық волейбол федерациясының президенті, дін және спорт жанашыры Қуанышбек Спанұлы мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Құдайбергенұлы қатысып, салтанатты түрде спорт алаңының лентасын қиды.

Алғы сөзді алған Әнуар Ізімбайұлы дін қызметкерлерін және мешіт жамағатын спорт нысанының ашылуымен құттықтап:

«Бұл жоба бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мешіттеріміздің жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығы мен бауырмалдығын нығайту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау бастамасы аясында ашылып отыр. Алдағы уақытта, өңірдегі мешіттер жанынан өзге де спорт алаңдары салынады. «Мұсылман адам рухани тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да мықты болуы керек. Ол үшін құлшылықпен қатар, спортпен де шұғылдануы тиіс», деді бас имам.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру