Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 09.05.2021 2246 0 пікір
Қызылорда: Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсебаев және қаланың бас имамы Марат Үркімбаев аймақтағы соғыс ардагерлерін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

Егемен елдің ержүрек батырларын зиярат етуге келген дін қызметкерлеріне ардагерлер майдан алаңында бастан кешкен қиыншылықтарымен бөлісіп, көздеріне жас үйірді. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі ұрпақтарына бейбіт өмірдің қадірін түсініп, шүкіршілік ету қажеттігін өсиет етті.

Кешегі сұрапыл соғыста елі мен жері үшін, болашақ ұрпағы үшін еш қаймықпай, ерлікпен шайқасқан жауынгер қариялар Сыр имамдарына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Айта кетейік, биылғы мерекені еліміз бойынша 665 майдангер қарсы алып отырса, оның 11-і Қызылорда облысында тұрады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру