Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Екі имамға қызметтік баспана берілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 28.04.2021 2562 0 пікір
Маңғыстау: Екі имамға қызметтік баспана берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 369 және 370-ші пәтерлері Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің екі имамына берілді.

Жаңаөзен шаһарында өткен игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы, «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің имамы Мангалбай Шахабуддин арнайы қатысып, наиб имамдар Сайфулла Базаровқа және Қуат Рахматуллаға қызметтік пәтер кілттерін табыстады.

Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шалғай ауылдардағы дін қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету бастамасы аясында жүзеге асып отыр. Аталған шараның мақсаты – баспанасыз дін қызметкерлерін үй-жаймен қамтамасыз етіп, барынша қолдау білдіру.

Айта кетейік, 2021 жылы «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасымен Маңғыстау өңірінде 15 баспана (1-уі қызметтік), ал 2021 жылдың басынан 5 үй (2-уі қызметтік) табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру