Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жат ағымдармен жұмыс күн тәртібінен түспейді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 18.09.2020 2317 0 пікір
Шымкент: Жат ағымдармен жұмыс күн тәртібінен түспейді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) мүшелерінің кезекті отырысы ұйымдастырылды.

Кезекті отырысты Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиында Шымкент қаласы бойынша ЖАНТ жетекшісі Берік Арынов жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті.

Мұнымен қатар, қала бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы топ мүшелерінің құрамымен толық танысып, алдағы үш айда атқарылатын негізгі жұмыстарды пысықтап, бірқатар тапсырмалар берді.Атап айтқанда, әрбір мешіт имамы кемінде бір жат ағымға ерушімен кездесіп, дәстүрлі бағытқа бейімдеу, жеке кездесу жұмыстарын онлайн түрінде жүргізу, санитарлық талаптарды сақтай отырып мешітке келген жат ағым өкілдерімен жеке кездесулер өткізу, түрлі тақырыптарды қамтитын видео және аудио таспа өнімдерін шығару т,б, мәселелер айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру