Осыған дейін «Зекет» қоры және Семей мешіттерінің ұйымдастыруымен 66 өкпені желдету аппараты сатып алынып, аймағымыздағы ауруханаларға таратылған болатын.
–Мешітіміз рухани орын ғана емес, қайырымдылық пен ізгілік жасайтын орын да саналады. Өйткені мешітте көптеген қайырымдылық, игі іс-шаралар атқарылып келеді. Індет өршіп, ел қиналып жатқанда да Семей қалалық мешіттері тасада қалмай, көптеген ізгі істерді ұйымдастырып келеміз. «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлесін қосқан жанашыр азаматтарға Алла разы болсын! – дейді Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің ,ас имамы Асқар Әбітайұлы.
Бұл игілікті шара жалғасын тауып Семей қалалық Жедел жәрдем аурулар ауруханасына 3 өкпені тыныстандыру аппараты және Облыстық клиникалық ауруханасына тағыда 7 өкпені тыныстандыру аппаратын алып берді.
Жалпы Семей өңірі бойынша таратылған аппарат саны 76-ға жетті. Ауруханалардағы вируспен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер қауымы мен сауыға бастаған сырқат жандар алғыстарын білдіруде.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру