Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Қашықтан құрбан шалынды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 31.07.2020 2371 0 пікір
Талдықорған: Қашықтан құрбан шалынды

Биыл елімізде алғаш рет www.Qurban2020.kz арқылы құрбандыққа қашықтан тапсырыстар қабылдану басталды.

Аталмыш игі шара елімізде пандемияның алдын-алу және елдің денсаулығын сақтау үшін жасалынуда. Құрбандықтан түскен ет еріктілер топтарының көмегімен түгелдей мұқтаж отбасыларға таратылады.

Құрбан айттың алғашқы күнінде Талдықорған өңіріне қарасты қала және аудан орталықтарында 39 сиыр, 240 қой, 60 тоқты, 15 серке құрбандыққа сойылды. Бұл игі шара ҚМДБ-ның ұйытқы болуымен қашықтықтан құрбандық шалуға арналып арнайы ашылған Qurban2020.kz сайтының қызметімен орындалып отыр. Осылайша халықтың денсаулығын қадір тұтқан діни басқарма мен мешіттер де, сайт та өз мақсаттарын аткарып келеді.

Сайтқа өтініш білдірген бауырларымыз, оның ішінде көпбалалы отбасылар, зағип, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалпы мұқтаж жандар қасиетті құрбандықтың етінен үйінен шықпай-ақ дәмін татуға мүмкіндік алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру