Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКІСТАН: 3,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 27.07.2020 2807 0 пікір
ТҮРКІСТАН: 3,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Өмірге үміт сыйла» акциясы Сайрам ауданында тағы да жалғасын тапты.

Бұған дейін Қарабұлақ ауылдық ауруханасы мен Ақсукенттегі күндізгі станционарға 30-дан астам оттегі баллондары редукторларымен жеткізілген еді. Ал, бүгін аудандық аурухана мен емханаға мешіттер атынан тағы 3,5 млн теңгеге түрлі аппараттар табысталды.

10 «Бобров» оттегі концентраты, 10 оттегі концентраты редукторы, 15 пульсоаксиметр берілді. Шараға қатысқан облыс имамы Мұсабек Ақтамберді игі іске атсалысқан демеушілер мен жанашыр жамағатқа ризашылығын білдірді. Аудан имамы Сейдахмет Темірбектің айтуынша медициналық керек-жарақтар дәрігерлердің өтінішіне қарай сатып алынған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру