Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Иманғали» мешіті ауруханаларға 3 ИВЛ аппаратын тапсырды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 24.07.2020 3052 0 пікір
Атырау: «Иманғали» мешіті ауруханаларға 3 ИВЛ аппаратын тапсырды

Атыраудағы облыстық орталық «Иманғали» мешіті ауруханаларға 3 ИВЛ аппаратын тапсырды. Одан бөлек 7 ИВЛ аппарат алдағы апталарда әкелініп, емдеу мекемелеріне табыс етіледі деп күтіліп отыр.

Əрқайсысының құны 10 миллион теңге тұратын  ИВЛ аппараттың  əзірге үш данасы тапсырылды.

–Бұл аппараттар мемлекет жəне қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ағамыздың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өмірге үміт сыйла» акциясына қосқан үлесі. Атырауға «Сəби» қоры арқылы барлығы он ИВЛ аппарат əкелінеді деп күтілуде. Əзірге шет елден жеткен үш аппарат тапсырылып отыр. Тағы да жеті аппарат емдеу мекемелеріне шет елден Атырауға əкелінген сəтте жеткізіледі. Осылайша, ауруханаларға жалпы құны 100 миллион теңге болатын аппараттарды тапсырамыз. Алла Тағала ауырып жатқан бауырларымызға саулық бергей» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

ИВЛ аппараттар облыстық аурухана жанындағы провизорлық стационарға, Атырау облыстық кардиологиялық орталық жанындағы провизорлық стационарға жəне Махамбет аудандық ауруханасына тапсырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру