Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мешітте тігін шеберханасы ашылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 23.07.2020 3788 0 пікір
Маңғыстау: Мешітте тігін шеберханасы ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қырмызы» тігін шеберханасы жұмысын бастады.

Қайырымдылықты мақсат ететін бұл орында әзірге 8 адам жұмысқа тартылып отыр.

–«Қырмызы» тігін шеберханасында қазіргі елдегі жағдайға байланысты провизорларға қажетті төсек жаймалары мен бетперделер тігілмек. Қазіргі уақытта дәрігерлер мен науқастарға қажетті дүниелер тігіліп жатыр. Сапалы өнімдер таза мақта маталарынан дайындалады, - дейді ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы  Әнуар Елжанов.

–Мешітте шеберхананың ашылуы қуанышты жаңалық, сауапты іс деп санаймын. Бұл – аймақтағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуының көрінісі. Жоба – аз қамтылған отбасылардың қыз-келіншектеріне кәсіп үйренуге үлкен мүмкіндік, - дейді Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының бөлім бастығы Гүлмира Балғожаева.

Маңғыстау облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақмарал Қазиеваның  айтуынша, алдағы уақытта тігін шеберханасында ұзатылатын қыздың ұлттық нақыштағы жасауы, бесік жабдықтары және құрақ көрпешелер де тігіледі. Мақсат – ұлттық қол өнерді үйрету, қыз-келіншектерді кәсіпке баулу, сол арқылы ұлттық құндылықтар мен қазақы дәстүрлерді насихаттау.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру