Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Жаңаөзенде қайырымдылық шарасы өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 23.07.2020 2476 0 пікір
Маңғыстау: Жаңаөзенде қайырымдылық шарасы өтті

Бұл күндері Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Рахат Ислам» мешіті имамдарының ұйытқы болуымен көптеген қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Соның айқын көрінісі ретінде, бүгінгі Жаңаөзен қалалық ауруханасында болған игі шараны айтуға болады. Бүгін, 23 шілдеде, күні бойы тыным таппай, аурухана қызметкерлеріне барынша көмектесіп, кислород балондарын тасып жүрген 60 ерікті азаматқа арнайы ыстық тағам дайындалып, сусындар үлестірілді.

–Осындай сын сағатта атқарылып жатқан қайырымды істер көп болып, бірлігімізді көрсетейік ағайын! - дейді ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру