Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: 25 дана оттегі концентраторы ауруханаларға жеткізілді

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 23.07.2020 3411 0 пікір
СҚО: 25 дана оттегі концентраторы ауруханаларға жеткізілді

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруыменен «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясындағы алғашқы іс-шарада 15 000 000 теңгеге 36 дана оттегі концентраторы таратылса, бүгінгі күні 12 500 000 теңгеге дәл осындай 25 концентратор сатып алынды.

Оған қоса 73 дана пульсометр де(жүрек қақтығысын өлшеу құралы) алынып, жергілікті денсаулық сақтау бақармасының нұсқауына сай қала және аудан ауруханаларына таратылды.

Өз тарапынан ақ халатты абзал жандар игі іске себепші болған барша жомарт жандарға және ұйымдастырушы ҚМДБ «Зекет» қорына алғыстарын білдірді. Ұйымдастырушылар аталмыш акция әлі де өз жалғасын табатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру